Кітап оқу – үлкен өзгерістің алғашқы қадамы!
Кітапхана аясында бастаған «Кітап-жан азығы» челленджі бойынша оқушыларымызбен бірге кітап оқуды қолға алдық.
Оқушылардың жаз мезгілінде оқыған кітаптары бар, ал кейбірі қазіргі таңда өздері таңдаған шығармаларды оқуды жалғастырып келеді. Басты мақсатымыз – балаларға телефонның орнына кітап ұстатып қана қоймай, оқыған шығармаларын бірге талқылауға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
Қазіргі таңда баланы кітапқа қызықтыру оңай емес екені рас. Дегенмен, оқушының қолына кітап ұстатып, оның оқығанын тыңдап, пікірін бөлісуге жағдай жасаудың өзі – үлкен істің алғашқы қадамы деп ойлаймын.
Сондықтан бұл бастаманы бар күш-жігерімізді салып жалғастыра береміз. 💪📖
Бүгін – алғашқы бет, ертең – жақсы әдет. Ал алдағы мақсатымыз – кітап форумында өз ойларын еркін айтып, оқыған шығармаларын талқылайтын, кітапты серік еткен оқырман ұрпақ қалыптастыру!






