«ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін мектебімізде 7–11 сынып оқушыларына арналған «Дін және жастарды тәрбиелеу. Деструктивті идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық семинар өткізілді.
Семинар барысында оқушыларға діннің қоғамдағы орны, діни сауаттылықтың маңызы, жастардың әлеуметтік желілердегі ақпаратты дұрыс қабылдауы және деструктивті діни идеологиялардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
📌 Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру, күмәнді ақпарат пен жалған діни түсініктерді ажырата білуге бағыт беру.
💬 Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Жастардың саналы таңдауы мен қауіпсіз ақпараттық ортасын қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет!






