Мектебімізде «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқушылар мен ата-аналардың бірлескен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Күзгі асар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге мектеп оқушылары ата-аналарымен бірге қолөнер бұйымдарын жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Әсем безендірілген бұйымдар, табиғи материалдардан жасалған ерекше жұмыстар мен күзгі композициялар жәрмеңкенің көркін аша түсті.






