«Сыр сұхбат» – ұстаздық ұлағат жолы
«Еңбегі адал – жас өрен» республикалық жобасы аясында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сакенова Ғалия Тоқпаевнамен «Сыр сұхбат» атты тағылымды кездесу өтті.
Сұхбат барысында ұстаздық мамандықтың қыр-сыры, педагог еңбегінің жауапкершілігі мен маңызы, мұғалім болудың ерекшелігі және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі ұстаздың рөлі туралы әңгіме өрбіді.
Кездесудің мақсаты – педагогикалық мамандықты дәріптеу, ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын көрсету және заманауи мұғалімнің оң имиджін қалыптастыру.
Жас ұрпаққа жол көрсетіп, білім нәрімен сусындататын ұстаздық – үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы мамандық.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған сара жол!






