Бүгін мектебіміздің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубында ерекше әрі маңызды іс-шара өтті. Салтанатты жиында 10-сыныптың 15 түлегі клубпен қоштасып, өздерінен кейінгі буынға ақ жол тіледі. Ал 6-сыныптың 17 оқушысы «Жас сарбаз» қатарына қабылданып, Отанға адал қызмет етуге, елін сүюге және патриоттық рухты биік ұстауға ант берді. Салтанатты жиынның құрметті қонақтары: Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ахаев Төлеген Канатович, Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Омаров Аслан Бүркітұлы, Аудандық қоғаныс бөлімінің орынбасары Макаров Нурбол Серікұлы, мектеп-интернат басшысы Досмагамбетова Салтанат Сейтжановна.Ұрпақ сабақтастығын жалғаған бұл мерекелік күн жас сарбаздардың жүрегіне жауапкершілік, тәртіп және елжандылық қасиеттерін ұялатты. Түлектерімізге жарқын болашақ тілеп, жаңа қабылданған жас сарбаздарға сәттілік пен биік белестер тілейміз!
Үйірме жетекшісі: Тұрсынбай Ануар Серікұлы🇰🇿 Отанға қызмет ету – әр азаматтың қасиетті борышы!






