Ойынға салауатты көзқарас — жарқын болашақ кепілі! ✨
Бүгін 5 «Ә» сыныбында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында тағылымды сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар компьютерлік және мобильді ойындардың пайдасы мен зиянын талқылап, виртуалды әлем мен шынайы өмір арасындағы теңгерімді сақтауды үйренді.
Балалар пайдалы интеллектуалды ойындарды таңдау, уақытты тиімді басқару (тайм-менеджмент) және гаджеттерге тәуелділіктен арылу жолдары туралы өз ойларын ортаға салды. Сынып сағаты өте қызықты әрі пікірталас форматында өтті! Уақытымызды пайдалы істерге арнайық! 💪💻
Өткізген: сынып жетекшісі Г.Е.Сайрамбек






