Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
🔹 Педагог-ассистент – 1 бірлік;Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі қосымшасымен бірге;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат;
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік және бұйрық.
Комиссия отырысы: 20 қазан 2026жыл, сағ 10:00 де. ЕСКЕРТУ: құжаттар тек қағаз жүзінде қабылданады.







