Мектебімізде «10 минуттық қауіпсіздік сабақтары» өтті
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында мектебімізде «10 минуттық қауіпсіздік сабақтары» өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелері, жолда жүру тәртібі, төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер және интернеттегі қауіпсіздік туралы маңызды ақпараттар түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпті жағдайлардың алдын алу, сақтық шараларын сақтау және жауапкершілік таныту мәселелеріне ерекше назар аударылды.









