29 қазан – Қамқоршылық күніҚамқоршылық күніне орай мектебіміздің басшысы мен ұстаздары Сырғашева Ұлбосын Байлепесовнаға арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты.Ізгі ниет пен шынайы ықыласқа толы бұл кездесуде қамқорлықтың, мейірімділіктің және адамгершіліктің маңызы айрықша сезілді. Қамқорлық көрсету – жүректегі жылулықты бөлісу, жақсылық жасау және адамға үміт сыйлау.Ұлбосын Байлепесовнаға зор денсаулық, отбасына амандық, көңіліне шаттық пен өміріне қуаныш тілейміз! Әрдайым айналасындағы жандардың мейірімі мен құрметіне бөлене берсін! Қамқорлық – жүректен, мейірім – ниеттен!








