«Аққу» қыздар клубының ұйымдастыруымен 6-11 сыныптың қыздарымен «Қыздар құпиясы» атты тақырыпта медициналық қызметкерлермен кездесу өтті. Кедесуге гинеколог Гүлнар Алшынқызы Жүнісова, мектеп медбикесі қатысты. Кездесу барысында салауатты өмір сүру үшін әрбір адам дұрыс тамақтануды, күн тәртібін сақтап, белсенді қимылдауды үйрену керектігі айтылды. Гигиена мен тазалықты, шынығу тәртіптерін сақтау, яғни жеке бас тазалығының ережелерін атап өтті. Денсаулықтың басты ережесі – зиянды әдеттерден аулақ болып, өз-өзіңмен, ішкі дүниеңмен тепе-теңдікте келісімді өмір сүру. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.