Қараша айының 8 ші жұлдызы күні КСРО халық әртісі, режисер, актер данықты жерлесіміз Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Шәкенттану» арнайы курсына қатысатын 8 а сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.С.Солтаналина мен «Шәкенттану» курсының жетекшісі Е.Б.Рахимтаев Торайғыр ауылына рухани саяхат ұйымдастырды. Саяхат барысында оқушылар мектеп автобусымен ең әуелі Ш.Айманов, К.Кенжетаев өмірге келген балалық шағы өткен «Айманбұлақ» қыстауына тоқтады. Оқушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, Ш.Аймановтың туған жері, балалық шағы туралы құнды мәліметтермен қанықты. Ары қарай саяхат ақиық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мазарында жалғасын тапса, одан әрі Торайғыр сақ қорғандарында жалғасты. Жалпы саяхат маршруттының соңғы нүктесі Торайғыр ауылындағы «Әулие бұлақ» болды. Әулие бұлақ басынан оқушылар шипалы судан дәм татып, қызыл кітапқа енген қанды қарағаш ағашының тарихымен танысты.