06 желтоқсан 2023 жылы Баянауыл аудандық полиция бөлімшесінің ӘЗЗҚ тобының инспекторы полиция лейтенанты Ильмира Имантайқызы Мекенова Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының 7-9 сынып оқушыларымен ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ туралы кездесу семинар сабақ өтті.
Басты тақырыптар: «Болашаққа зорлық-зомбылықсыз», «Зорлық-зомбылықсыз мектеп», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу».
- Жасөспірімдер арасында қылмыс жасаудың себебі көп жағдайда отбасылық жанжалдарға, ата-аналардың балаларға деген назарының жеткіліксіздігіне немесе дұрыс тәрбие бермеуіне байланысты, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, жасөспірімдер арасындағы зорлық – зомбылық - буллинг туралы айттылды. Іс-шара барысында балаларға отбасылық - тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың заңды құқықтары бойынша түсініктемелер берілді.
Бұл іс-шаралар оқушылардың адам құқықтары саласындағы білімін арттыру, сондай-ақ балалардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру мақсатында жүргізілді.