ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а.
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып, қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысындағы әдіс- тәсілдерімен тәжірибе алмасу мақсатында мектебімізде « Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз болмақ» тақырыбында педагогикалық кеңес семинар-практикум әдісінде өткізілді. І кезеңінде І жарты жылдық білім сапасы туралы мектеп басшысының орынбасары А.Т. Тусупбекова, І жарты жылдық бойынша дарынды оқушылардың жетістіктерімен басшысының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары А.Ш. Тулешова, «Білім беру жүйесіндегі зайырлылық негіздері» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Н.Р. Сексенов, І жарты жылдық бойынша спорт нұсқаушынысың есебін А.Қ. Ермеков, «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» оқушылардың сабаққа қатысуы туралы әлеуметтік педагог П.Б. Жакенова есеп берді.
Екінші кезеңде ұстаздардың жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа, үздіксіз білім алып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру міндеттерін негізге ала отырып 5 топта “Табысты сабақ қандай болу керек», «Бағалау критерийлерін құрастыру», « Тиімді сабақты қалай ұйымдастыруға болады», «Оқу мен тәрбиедегі жаңа тәсілдер», «Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту» тақырыбында мектеп педагогтары өзара ой бөлісіп, тәжірибелерін ортаға салып, білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруда жұмыс жасады.
Сонымен қатар үшінші кезеңінде «Қиын жағдайларға тап болған оқушылармен педагогтардың жұмыс алгоритмі» тақырыбында мектеп психологтары А.А. Жуматова, Г.Қ. Молдасарина, А.Қ. Жусупбаева да жағдаяттық тапсырмалар арқылы топтық жұмыс жасап, осындай жағдаяттан шығу жолдарының алгоритмін құрастыру арқылы теориялық білімді практикамен ұштастырды.
Педкеңесті қорытындылай келе, мектеп-интернат басшысы С.С. Досмагамбетова 2023-2024 оқу жылының І жарты жылда республикалық, облыс деңгейінде жеткен жетістіктері үшін мектеп педагогтарын түрлі номинациялары және кәсіподақ атынан сыйлықпен марапаттады, осылай ІІ жарты жылдықта қажымай табысты еңбек етуге педагогтарға қолдау көрсетілді.

11

 

 

© 2024. Все права защищены.