Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулерді күшейтуді тапсырды. «Лудоманиямен күресте тәрбие және түсіндіру шараларына ерекше назар аудару керек» - деп атап өтті Тоқаев. Алдын – алу мақсатында, бос уақытты тиімді пайдалану үшін 6 «А» сынып оқушылары аудандық кітапханаға барып қайтты. Кітапханада түрлі қызықты кітаптармен танысып, кітапхана ішін аралады. Таза ауада сенуендеп уақытты тиімді өткізді.
Сынып жетекшісі Ж.Ш. Сарбасова