ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а.
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ

Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылады.

14 наурыз (бс.) – «Көрісу күні – Амал мерекесі».

Дәстүр бойынша, бұл – туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге және т.б. сәлем беретін немесе қонақ күтетін уақыт.

Жақын маңдағы мектептер бірлескен іс шара «Көрісу күні – Амал мерекесі» өткізе алады.

Өткізілген іс-шараны инстаграм парақшасында #nauryzкөрісу хэштэгі бойынша жариялау.

Жауаптылар: Облыстың білім беру ұйымдары

15 наурыз (жм.) – Қайырымдылық. Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арнауды ұсынамыз.

Меценаттарды, қайырымдылық ұйымдарының басшыларын, еріктілерді марапаттау бойынша салтанатты іс-шаралар өткізу ұсынылады.

Мектептерге қарттар үйлеріне, отбасылық үлгідегі балалар ауылдарына барып, қайырымдылық концерттерін өткізу ұсынылады.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, жануарларға көмек көрсете отырып, әлеуметтік жақсылық марафонын өткізу.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде осы іс-шаралар туралы кеңінен хабар таратумен қатар қандай да бір қайырымдылық жасаған қазақстандықтардың сұхбаттары жарияланады.

Өткізілген іс-шараны инстаграм парақшасында #қайырымдыnauryz  хэштэгі бойынша жариялау.

Жауаптылар: Облыстың білім беру ұйымдары

16 наурыз (сн.) – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша дәстүрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Мәдениет ұйымдарында мерекелік марафон – халықтың кең тараған салт-дәстүрлерінің (тұсаукесер, бесікке салу, беташар және т.б.) көрсетілімдерін өткізу ұсынылады.

Облыс мектептерінде ұлттық-қолданбалы шығармашылық көрмелерін өткізу. Павлодар қаласының балалар бейнелеу мектебі облыстық көркемсурет мұражайында үлкен көрме және «Шебер ұстаз-өнегелі шәкірт» атты шеберлік сыныптарын өткізу.

23

© 2024. Все права защищены.