2023-2024 оқу жылының қорытындысы есебінде оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу мақсатында “Білімім-Отаныма” тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты ҚР Әнұранымен басталды. Оқу- Ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтің видеоүндеуі көрсетілді. Сондай-ақ, оқушылардың жыл бойы алған жетістіктеріне тоқталып, сынып жетекшілердің дайындаған бейнероликтері көрсетілді. Оқушылар мектеп пен білімнің, ұстаздың алам өміріндегі маңызы жайлы пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ тәрбие сағатынан кейін мектеп бітіруші түлектер - 9-11 сынып оқушылары “Мен.Мектеп.Ұстаз” тақырыбында алтын ұя мектептері мен ардақты ұстаздарына, сыныптас достарына деген қимас сезімдері мен балалық шақтан болашаққа құрған жоспарлары туралы эссе жазды.