Ата аналарға хабарлама!
Қазақстандық вакцинамен басқарылатын аурулар күнтізбесінде тағы бір бағыт пайда болды – бұл адам папиллома вирусына (бұдан әрі - АПВ) қарсы егу. Ағымдағы жылдың ақпан айында вакцина тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. 11 жастағы қыздар АПВ-ға қарсы вакцинациялауға жатады, вакцинация 6 ай аралығымен екі рет жүргізіледі. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап республикада 11 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы жоспарлы вакцинация басталады.