|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Просмотров: 359
9 «Ә» сыныбының тәрбие жоспарының негізінде «Су тіршілік көзі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекші П. Е. Арғынбай
|
24
апреля
2024
|
- Просмотров: 371
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман-2024» байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Байқау үш кезеңнен өтті.
1-кезең. «Сұрақ-жауап».
2-кезең. «Үзіндіні жалғастыр»
3-кезең. "Оқыған шығармадан алған әсері"
Іс-шараның қорытындысы бойынша 1. Бас жүлде «Ең үздік оқырман-2024», «Білімпаз оқушы», «Озық ойлы» және «Алғыр оқушы» номинацияларымен марапатталды.
Демеушілер: Абдуева А.А, Абишева А.А, Молдасарина Г.К, Мылтықбай Т.Ж, Шақырман А Д, Сайлау М.С, Ажибекова Г.Т, Айтмаганбетов Н.Ж, Молдабекова А. Т, Искаков Т.А.
- Просмотров: 381
1 "Б" сынып оқушыларымен " Қазақстан халқының бірлігі мерекесі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Өткізген сынып жетекшісі: Н.Н.Шәріп
|
23
апреля
2024
|
- Просмотров: 383
Бүгін 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай мектеп кітапханасында 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен Баянаулдың құрметті азаматы, мектебіміздің түлегі, ардагер Салықов Абдығомар атамыз және мектебіміздің ардагер ұстазы, кітапханашысы Мукатова Ермек Кабдулловнамен кездесу өтті. Кездесуде оқушыларға «Кітап-білім бұлағы» тақырыбында оқушыларға ой қозғалып, кітап оқуға шақырды. Абдығомар ата өзінің жарыққа шығарған кітаптарымен таныстырып, өлеңдерін оқып берді. Шара барысында оқушылар сауалдарын қойып, жауап алды. Өткізген кітапханашы Жунусова А.Ш.
|
25
апреля
2024
|
- Просмотров: 435
3 а сынып оқушыларымен "1-мамыр бірлік күні " тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Ш.Н.Фаменова

- Просмотров: 327
2024 жылғы сәуір айының 17 күні Ж.Аймауытовтың 135 жылдығына арналған мектепішілік 5-8 сынып оқушылары аралығында волейбол спорт түрінен жарыс өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орын 10"а"сыныбы, ІІ орын 9 сынып, І орынды 10"ә" сынып командасы жеңіп алды. Жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар марапатталды."Үздік доп байланыстырушы" Сабитова Аружан, "Үздік шабуылшы" Аманжол Аружан, "Үздік ойыншы" Оралтай Айжаным. Құттықтаймыз!!!

- Просмотров: 400
2024 жылғы 23 сәуір күні 7-8 сынып оқушылары арасында баскетбол спорт түрінен аудандық мектеп лигасы өтті. Мектебіміздің қыздар құрама командасы ІІІ орынды иеленді, жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жакенова П.Б. ұлдар командасы І орын иеленді, жетекшісі дене шынықтырупәнініңмұғалімі Балтабаев С.А. Құттықтаймыз!!!

|
19
апреля
2024
|
- Просмотров: 343
Мектебіміздің оқушылары, ұстаздары, тәрбиешілері республикалық «Таза Қазақстан-таза өлкем» атты тазалық акциясына қатысып, мектеп ауласын қоқыстан тазалады
|
24
апреля
2024
|
- Просмотров: 452
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман-2024» байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен өтті.
1-кезең. «Сұрақ-жауап».
2-кезең. «Үзіндіні жалғастыр»
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Білімпаз оқушы», «Ізденгіш оқушы», «Озық ойлы» және «Алғыр оқушы» номинацияларымен марапатталды.
Демеушілер: Солтаналина А.С, Жуматова А.А, Кадырбеков Б.С, Смагулова Қ.Ы, Рахимбекова А.А, Кошанов Н.Ж, Абдыкаримова С.Т, Жетписбаева Ж.А, Ташмаганбетова А.З, Айтмаганбетова З.Р.
|
18
апреля
2024
|
- Просмотров: 335
Кәсіптік бағдар✅
18 сәуір күні Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы университетінен оқытушылар: Шокубаева Диана Курмангалиевна-маркетинг бөлімінің бастығы,
Садыкова Анар Орынбековна-аға оқытушы,
Қабылқайыр Дәурен Нұрланұлы-механика және мұнай-газ ісі кафедрасының аға оқытушысы, Бакиров Алтынсары Газизвич-металлургия кафедрасының қауымдастырылған профессоры мектебіміздің 9-11-сынып оқушыларына университеттегі мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.







