Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
- Просмотров: 224
10 А сынып оқушыларымен “Ұлы жер мұрагерлері”атты сынып сағаты өтті.Мақсаты: Оқушыларға қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау.
- Просмотров: 202
9 «Ә» сыныбының тәрбие жоспарының негізінде «Су тіршілік көзі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекші П. Е. Арғынбай
29
апреля
2024
|
- Просмотров: 170
Бүгін мектебімізде “Қала-аудан” инновациялық жобасын іске асыру мақсатында «Озат тәжірибе-ортақ іс» атты аудандық семинар өтті. Мақсаты: Мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибе алмасу, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату. Аталған семинар жұмысына қатысуға Баянауыл ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, әдіскерлері, Ыбырай Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған қазақ гимназия –интернаты, Баянауыл ауданы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, физика, ағылшын, география, дене шынықтыру, бастауыш сынып мұғалімдері шақырылды.
«Біздің болашағымыз білімді мұғалімдерде» тренинг,
«Үздік оқырман-2024»,
«Үлгерімі төмен білім алушылардың тұлғалық мәселелері» Коучинг өткізілді және Дуэт сабақтар сыныптан тыс іс-шаралар өтті.
- Просмотров: 206
1 "Б" сынып оқушыларымен " Қазақстан халқының бірлігі мерекесі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Өткізген сынып жетекшісі: Н.Н.Шәріп
- Просмотров: 322
Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шара жоспарына сай “С.Нұрмағамбетов-халық үшін туылған батыр” тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді.
25
апреля
2024
|
- Просмотров: 234
3 а сынып оқушыларымен "1-мамыр бірлік күні " тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Ш.Н.Фаменова
- Просмотров: 152
Дене шынықтыру және АӘжТД 10 күндігі аясында Ш.Аймановтың 110 жылдығына және тұңғыш қорғаныс министрі,халық қаһарманы кеңес одағының батыры,армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының 100 жыл толуына орай,”Жас сарбаз” әскери-патриоттық клуб мүшелері арасында әскери-спорттық қолданбалы жарысы өткізілді.
- Просмотров: 224
2024 жылғы 23 сәуір күні 7-8 сынып оқушылары арасында баскетбол спорт түрінен аудандық мектеп лигасы өтті. Мектебіміздің қыздар құрама командасы ІІІ орынды иеленді, жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жакенова П.Б. ұлдар командасы І орын иеленді, жетекшісі дене шынықтырупәнініңмұғалімі Балтабаев С.А. Құттықтаймыз!!!
- Просмотров: 183
Дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндерінің онкүндігі аясында 7ә сынып оқушыларымен «Сауықтыру жүгірісі 60м. , 200м» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Өткізген: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.К.Ермеков, Ж.Ханатұлы
24
апреля
2024
|
- Просмотров: 265
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман-2024» байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен өтті.
1-кезең. «Сұрақ-жауап».
2-кезең. «Үзіндіні жалғастыр»
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Білімпаз оқушы», «Ізденгіш оқушы», «Озық ойлы» және «Алғыр оқушы» номинацияларымен марапатталды.
Демеушілер: Солтаналина А.С, Жуматова А.А, Кадырбеков Б.С, Смагулова Қ.Ы, Рахимбекова А.А, Кошанов Н.Ж, Абдыкаримова С.Т, Жетписбаева Ж.А, Ташмаганбетова А.З, Айтмаганбетова З.Р.