|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
5
сентября
2023
|
- Просмотров: 368
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай “Мағжан Жұмабаев заманның заңғар тұлғасы” атты мектеп ұстаздары мен оқушылары диктант жазды.

|
2
сентября
2023
|
- Просмотров: 477
1 қыркүйек- Білім күніне орай «Мектебім мейірім мекені» атты тәрбие сағаты 6 «Ә» және 6 «Б» сыныптарда өтті.
Мақсаттары : балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Тәрбиешісі : Айтжанов А.Қ.
Сынып жетекшілері: Г.К.Молдасарина, Б.Р.Кульжанова.

|
5
сентября
2023
|
- Просмотров: 412
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметпен қарау, халқымыздың дәстүрлері мен еліміздің өткен тарихи мұраларымызды құрметтеу, жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, патриоттық рухты күшейту, мақсатында өткізіліп жатқан “Менің туым” облыстық жобасы аясында мектебімізде 1 қыркүйек білім күніне Ту көтеру рәсімі өтті.

|
1
сентября
2023
|
- Просмотров: 422

2023-2024 жылғы жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің 1 сыныпқа қадам басуына орай «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік әнұран орындалды. Біздің қуанышымызға ортақтасып, өзінің құттықтау сөзі мен аудан әкімінің құттықтау хатын жолдауға аудандық маслихат депутаты Макажанов Самат Серікұлына, облыстық маслихат депутаты Рахмашев Арман Оралұлына, ардагер ұстазымыз Алдамбекова Рымтай Қапарқызына және мектеп-интернат басшысы Досмагамбетова Салтанат Сейтжанқызына құттықтау сөз кезектері берілді.
1 сынып оқушылары Оразалы Назерке, Мақсат Фатиманың орындауында «Оқуда озат боламын» әнін шырқалды. Алғашқы Қоңырау соғу құрметі бірінші сынып оқушыларына берілді.
Салтанатты жиыннан кейін білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы тәрбие сағаттары өтті.
|
5
сентября
2023
|
- Просмотров: 399
Мектебіміздің ұстаздарын және оқушыларын жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймыз!
2023-2024 оқу жылында мектебіміздің түгел сыныптары оқулықпен 100% қастамасыз етілді. Көркем әдебиеттер оқуға алынды. Оқуға құштар оқырмандарымызды әрдайым мектеп кітапханасында күтеміз.
Кітапханашылар: А.Ш.Жунусова., Г.Е.Сайрамбек
Байланыс тел.: +7 (777) 006-73-06, 87711601299

|
31
августа
2023
|
- Просмотров: 392
Ата-аналар назарына!
Құрметті ата-аналар! 2023-2024 оқу жылында мектеп формасының түсі қою көк түсті. Ұл балаларға арналған мектеп формасы: пиджак, ер балаларға арналған бос тігісті шалбар,ұзындығы аяғының тобығын жауып тұруы тиіс. Ақ және ашық түсті жейде.
Қыздар формасы:Пиджак, юбка, классикалық ақ блузка, сарафан, туфли.
|
2
сентября
2023
|
- Просмотров: 382
4б сыныбында Білім күні қарсаңында өткізілген сынып сағатынан үзінді.Өткізген сынып жетекшісі: Оралбаева Айнур Айтбаевна
|
30
августа
2023
|
- Просмотров: 452
2023 жылдың 29 тамызында Ш.Айманов атындағы орта мектепте Баянауыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Абикеева Дәметкен Босағайқызы, учаскелік полиция инспекторы жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының полиция майоры Әсербаева Сапура және әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика инспекторы полиция аға лейтенанты Қалтай Жандос Ерсынұлы мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 сынып оқушыларымен “Жол қауіпсіздігін сақтайық” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
@bayanaul_pb
|
2
сентября
2023
|
- Просмотров: 405
Еліміздің ертеңі – жасөспірімдер. Олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау – біздің міндетіміз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Жайлы мектеп» жобасы аясында және Павлодар облысы әкімінің қолдауымен биылғы оқу жылы мектебімізге жаңа автобус табысталды.
Автокөлік балалардың игілігіне қызмет етсін!

|
24
августа
2023
|
- Просмотров: 403
Павлодар облысының білім беру басқармасының кеңейтілген алқа отырысында басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Саликова Елмира Мергенбаевна көп жылғы адам еңбегі, кәсіби еңбегі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту ісіне қосқан қомақты үлесі үшін және Білім күніне орай Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қолынан «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталды. Құттықтаймыз!!!
@elmirasalikova







