Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
25
декабря
2024
|
2024-2025 оқу жылындағы Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық Олимпиядасында көрсеткен жетістіктері үшін Рахимов Аян алғыс хатпен және 150 000 теңге сертификатпен марапатталды.
24
декабря
2024
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
Логопед(уақытша) – 1 бірлік(186000 тг)
Дене шынықтару пәні мұғалімі -0,5 бірлік(87712тг)
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа тойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай “Ұлы дала-ұрпағы” атты оқушылар арасында аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мектебіміздің оқушысы Өмірбек Ибраһим 1-орын, Серік Нұрқасым арнайы жүлде Жетекшісі: Ахатов Т.Қ
Өмірбек Рамазан арнайы жүлдемен марапатталды
24
декабря
2024
|
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгіме желісі бойынша 4 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен өтті.
1-кезең. «Сұрақ-жауап».
2-кезең. «Үзіндіні жалғастыр»
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ең үздік оқырман»- Айбалта Нұрайлым ие болса, Дюсенов Алижан, Қамар Толқынай, Мусакаева Азалия, Григорец Раиса, Бейсен Айару, Буркутбаева Аружан әр түрлі номинация сертификатпен марапатталды.
Демеушілер: мектеп ұстаздары
25
декабря
2024
|
Нұсқаулықтар жаңа жылдық іс-шаралар қарсаңында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мереке күндері және каникул кезінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Баянауыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Жапаров Тамерлан Маратович және ӨСБ бөлімше Камандирі азаматтық қорғау старшынасы Ибраев Даурен Кайроллаевич оқушылармен кездесу өткізді.
24
декабря
2024
|
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақтың көрнекті жазушысы, еңбек сіңірген қоғам қайраткері Спандияр Көбеевтің « Қалың мал» роман желісі бойынша 10 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен өтті.
1-кезең. «Сұрақ-жауап».
2-кезең. «Үзіндіні жалғастыр»
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ең үздік оқырман « Жумаканова Айым ие болса, «Білімпаз оқушы» номинациясымен Сәрсенбай Нұрсая, Нұржанқызы Ясмин «Алғыр оқушы» номинациясына ие болды.
Демеушілер: мектеп ұстаздары
25
декабря
2024
|
1ә сыныбында “Рақмет саған Әліппе”тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Әліппеден алған білімдерін ортаға салып,өлең жолдарын оқып,ән салып,ертегі қойылым көрсетіп оқушылар өнерлерін көрсетті.
23
декабря
2024
|
1б,1в сынып оқушыларымен “Рақмет саған әліппе” тақырыбында әліппемен қоштасуға арналған тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар әріптерге , әліппеге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқап, “Әліппеден сый”, “Әліппеге саяхат” ойындарына және тағы басқа ойындарға белсенді қатысты.Соңынан сүйіп көретін “Бауырсақ” ертегісін сомдап берді. Өткізген сынып жетекшілері:Оралбаева А.А. , Калышбекова А.Ж