|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
20
Наурыз
2026
|
Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық ойындар күніне орай 6-сыныптар арасында ұлттық ойындар сайысы өтті 🇰🇿
Оқушылар қазақтың дәстүрлі ойындарын ойнап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығын көрсетті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл сайыс ерекше көңіл-күй сыйлады ✨
|
19
Наурыз
2026
|
🌿 «Digital Nauryz – 2026»
«Наурызнама» онкүндігі – ұлттық мейрамның жаңаша сипаты! 🌿
🌱 Жаңару күні – көктеммен бірге табиғаттың оянып, тіршіліктің жаңаратын ерекше кезеңі. Бұл күн – өткенге есеп беріп, жаңа бастамаларға қадам жасап, тазалық, бірлік пен ізгілік құндылықтарын дәріптейтін уақыт.
✨ Наурыз – жаңару мен бірліктің, береке мен ырыстың мейрамы!
🌼 «Жаңару күніне» орай «Біздің болашақ ауылымыз» жобасы аясында 4-сынып оқушылары гүл отырғызып, экологиялық іс-шараға белсене қатысты.
🎯 Мақсаты: мектеп ауласын көгалдандыру және оқушыларға жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
🌸 Жаңару күні – жаңа өмірдің бастауын, үміт пен жақсылықты білдіретін мерекелік күн!
|
20
Наурыз
2026
|
Көктемгі демалысты кітаппен өткізейік! 🌸
Құрметті мектебіміздің оқырмандары!
Сіздерді «Әдебиет әлемінде – Көктем самалы» атты кітап оқу челленджіне қатысуға шақырамыз.
📖 Демалыс күндеріңізді мазмұнды әрі пайдалы өткізіп, кітап арқылы жаңа әлемдерді бірге ашайық!
✨ Ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани байлығымызды арттырайық!
|
19
Наурыз
2026
|
«Digital Nauryz – 2026»
«Наурызнама» онкүндігі – ұлттық мейрамның жаңаша сипаты!
🌱🌱🌱
Жаңару күні – көктем мезгілінде табиғаттың оянып, тіршіліктің жаңаратын кезеңін бейнелейтін мереке. Жаңару күні – адамдардың өткенге есеп беріп, жаңа бастамаларға қадам жасайтын, тазалық, бірлік және ізгілік құндылықтарын дәріптейтін уақыт.
Наурыз – жаңару мен бірліктің, береке мен ырыстың мерекесі! «Жаңару күніне» арналған «Біздің болашақ ауылымыз» жобасы аясында 10-сынып оқушылары гүл отырғызып, экологиялық іс-шараға белсене қатысты.
Мақсаты: Мектеп ішін көгалдандыру және жауапкершілікті үйрету.
Жаңару күні – жаңа өмірдің басталуын, үміт пен жақсылықты білдіретін мерекелік күн.
|
20
Наурыз
2026
|
«Әз Наурыз» атты тәрбие сағаты өтті 🌿
Мектепалды даярлық «А» сыныбында «Әз Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында бүлдіршіндер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат алып, мерекенің мән-маңызын түсінді.
Балалар ән айтып, тақпақтар оқып, ұлттық ойындар ойнап, Наурыз мерекесінің көркін аша түсті.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен дәстүрге деген құрметті қалыптастыру.
👩🏫 Тәрбиешісі: Мусабекова Т.Т.
🌸 Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 🌸
|
19
Наурыз
2026
|
Мектепалды “Ә” сыныбында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын арналған тәрбие сағаты өтті.
Бұл мереке – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен татулықтың белгісі. Балалар ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, қазақ халқының бай мәдениеті туралы мағлұмат алды.
Өткізген мектепалды сынып тәрбиешісі Б.З.Ибадуллина.
2 «А» сыныбында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі аталып өтті! 🌸
Оқушылар ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеді.
Мереке барысында балалар бір-біріне жылы тілектер айтып, көктемнің шуақты көңіл-күйін сезінді.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!
Баршаңызға береке, бірлік, молшылық тілейміз! 🌿
|
19
Наурыз
2026
|
«Жанұя жылуы» жобасы аясында мектебімізде 1, 4-сынып ата-аналарымен «Отбасы ресурстары» атты ерекше кездесу өтті.
Бала тәрбиесі — тек мектептің емес, ең алдымен отбасының ішкі қуатына байланысты процесс. Жиналыс форматы емес, тренинг форматы:
🔹 Отбасының ішкі қуатын қалай арттыру керек?
🔹Отбасылық махаббат пен қолдаудың маңызын талқыладық;
🔹 Психологиялық тұрақтылықты қайдан аламыз?
Ата-аналар «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы өз отбасыларының символын таңдап, өзара тәжірибе бөлісті. Жылы атмосфера, ашық диалог және жаңа идеялар!






