|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
14
октября
2024
|
|
12
октября
2024
|
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата- аналарды педагогикалық қолдау жобасын іске асыру мақсатында педагогикалық қолдау орталығы бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен “Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ақпарат беріліп, мектеп психологы Н.Н. Шәріп тақырыпқа сай тапсырмалар дайындап ,ата - аналар өз ойларын ортаға салып бөлісті.Ұйымдастырған сынып жетекшілер: Фаменова Ш.Н., Зарықхан Г., Адепбаева З.А.
|
12
октября
2024
|
Мектеп психологы А.А. Жуматованың ұйымдастыруымен 9сынып оқушыларымен “Стреспен қалай күресуге болады?” тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: мінез~құлық сфера дағдыларын психологиялық тұрғыда қалыптастыру, стрестен арылу жолдарын үйрету

|
11
октября
2024
|
Қазан айының 17 күні сағат 11:00-13:00 аралығында З. Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде “Балалар құқықтары” жөніндегі уәкіл С.Шакенованың азаматтарды қабылдауы өтеді.Барлық кездесуге қатысамын деушілерге есік ашық! Келіп сұрақтарыңызды қоюға болады.

|
12
октября
2024
|
Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында БТЖО Е.М.Саликова, мектеп психологы А.А.Жуматованың ұйымдастыруларымен 8сынып оқушыларымен барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді.

|
11
октября
2024
|

|
12
октября
2024
|
Мектеп психологтары А.А.Жуматова, Г.К.Молдасарина,Н.Н.Шәріптің ұйымдастыруларымен оқушылардың психикалық денсаулықтарын нығайту, мінез~құлық ерік сфераларын қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.

|
10
октября
2024
|
1-2 сынып тәрбиеленушілерімен мектеп-интернатының кітапханасында кітапханашы А.Ш.Жунусовамен “Кітап- асыл қазына” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.
Өткізген сынып тәрбиешілері: Н.М.Амирова
А.О.Садыкова







