|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
24
декабря
2024
|
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгіме желісі бойынша 4 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен өтті.
1-кезең. «Сұрақ-жауап».
2-кезең. «Үзіндіні жалғастыр»
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ең үздік оқырман»- Айбалта Нұрайлым ие болса, Дюсенов Алижан, Қамар Толқынай, Мусакаева Азалия, Григорец Раиса, Бейсен Айару, Буркутбаева Аружан әр түрлі номинация сертификатпен марапатталды.
Демеушілер: мектеп ұстаздары
|
20
декабря
2024
|
2024 жылғы 18-20 желтоқсан күндері аралығында Сәтбаев қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер және кіші жасөспірімдер арасында ҚР Тәуелсіздігінің 33 жылдығына арналған Республикалық турнирде мектебіміздің 8 сынып оқушысы Жанболат Әділ ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Дүйсенбеков К.Ж.

|
24
декабря
2024
|
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақтың көрнекті жазушысы, еңбек сіңірген қоғам қайраткері Спандияр Көбеевтің « Қалың мал» роман желісі бойынша 10 сыныптар арасында «Ең үздік оқырман» байқауы өтті.
Байқау екі кезеңнен өтті.
1-кезең. «Сұрақ-жауап».
2-кезең. «Үзіндіні жалғастыр»
Іс-шараның қорытындысы бойынша «Ең үздік оқырман « Жумаканова Айым ие болса, «Білімпаз оқушы» номинациясымен Сәрсенбай Нұрсая, Нұржанқызы Ясмин «Алғыр оқушы» номинациясына ие болды.
Демеушілер: мектеп ұстаздары
|
20
декабря
2024
|
Павлодар облысының ұйымдастыруымен Облыстық “Эко Шеберхана”байқауы мектеп жасындағы балалардың назарын қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану мәселесіне аударуға , сондай-ақ креативті ойлау және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған жобаның жеңімпазы 5-ші сынып оқушысы Жетібаев Нұртас Облыстық “Эко Шеберхана” номинациясы бойынша 2орын алып дипломымен марапатталды.
Жетекшісі: Стеуменова Асель Каршигаевна

|
23
декабря
2024
|
1б,1в сынып оқушыларымен “Рақмет саған әліппе” тақырыбында әліппемен қоштасуға арналған тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар әріптерге , әліппеге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқап, “Әліппеден сый”, “Әліппеге саяхат” ойындарына және тағы басқа ойындарға белсенді қатысты.Соңынан сүйіп көретін “Бауырсақ” ертегісін сомдап берді. Өткізген сынып жетекшілері:Оралбаева А.А. , Калышбекова А.Ж
Алғашқы әскери дайындық пәнінен 10 “ә” сыныбында ашық сабақ өтті.
Тақырыбы: Калашников автоматын( қол пулеметін) жартылай бөлшектеу және жинақтау.
Пән мұғалімі Тұрсынбай А.С.
|
20
декабря
2024
|
Павлодар облысының ұйымдастыруымен Облыстық “Эко Шеберхана”байқауы мектеп жасындағы балалардың назарын қалдықтарды қайта өңдеу және қайта пайдалану мәселесіне аударуға , сондай-ақ креативті ойлау және практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған жобаның жеңімпазы 1-ші сынып оқушысы Қаныкен Хадиджа Облыстық “Эко Шеберхана” номинациясы бойынша 3 орын алып дипломымен марапатталды.Жетекшісі:Оралбаева А.А. Құттықтаймыз!

|
19
декабря
2024
|
10-11 сынып тәрбиеленушілерімен “Балалық шағымның аспаны” тақырыбында тәбие сағаты өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға балалық шақтың құндылықтары мен маңыздылығын түсіндіру;
Жанұядағы өзара сыйластық пен қамқорлықты нығайту;
Жауапкершілік, мейірімділік және достық сияқты құндылықтарды бойларына сіңіру.
Өткізген: Ж.Т.Садакова, Г.Б.Абилова







