|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
19
сентября
2024
|
Қыркүйек айының 18-ші жұлдызында 7- сынып тәрбиеленушілеріне аналар күні қарсаңында “ Ана- өмір ажары” атты тәрбие сағаты өтті, сонымен қатар жалпы оқушыларға , Асхандағы техника қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Өткізген сынып тәрбиешісі: А.Қ.Айтжанов

|
19
сентября
2024
|
«Менің мектебім буллингке қарсы!» республикалық флешмобы өтті. Флешмоб мақсаты- балалардың назарын физикалық және психологиялық қауіпсіздік меселелеріне саналы түрде аудару. Оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға жәрдемдесуге, сондай-ақ оларды достыққа, өзара түсіністік пен өзара көмекке ынталандыруға бағытталған.
|
19
сентября
2024
|
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ата- аналарды педагогикалық қолдау жобасын іске асыру мақсатында педагогикалық қолдау орталығының 3 сынып оқушыларының ата-аналарымен “Сапалы ұйқы - балалардың дамуы мен денсаулығының негізі” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша ақпарат беріліп мектеп психологы Н.Н. Шәріп тақырыпқа сай тапсырмалар дайындап ,ата - аналар өз ойларын ортаға салып бөлісті.Ұйымдастырған сынып жетекші: Тусупбекова Ш.К.
|
18
сентября
2024
|








