Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының
2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Өзін-өзі дамыту, оқушылардың жеке басының өзін-өзі анықтауы, олардың қоғамдағы сәтті әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
1.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
- Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жобалар
НЕГІЗІ
- Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету
ІІ. Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету
ІII. Іске асыру тетіктері: тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар
ІҮ. Ата-аналармен жұмыс
Ү. Кадрлық қамтамасыз ету
3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жүмысының жылдық жұмыс жоспары
Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты:
Еліміздің жас жеткіншегін елжанды, білімді, өзіне - өзі сенімді, өмірі мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын тәрбиел, бойына ұлттық құндылық қасиеті қалыптасқан патриотты тұлға қалыптастыру.
Мектептегі тәрбие жұмысының міндеттері:
- өзіне және айналасындағыларға деген оң көзқарастың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, өзін-өзі тану және иеліктен кету сезімдерін жеңу, мазасыздық пен агрессияны жою, оқуға және өз денсаулығына деген жағымды қатынасты қалыптастыруға ықпал ету;
- оқу мен тәрбиенің жағымды мотивациясы мен ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие қызметінің оң динамикасын құру, тұлғаның танымдық қызығушылықтарының дамуын қамтамасыз ету;
- әр оқушыға әлеуметтік-психологиялық қорғаныс беру;
- психологиялық тұрғыдан қолайлы орта құру; - жетістікке жағдай жасау;
Құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі жобалар:
1) «Отбасы-орта мектеп»,
2) «Оқуға құштар мектеп»,
3) «Еңбек – елдің мұраты»,
4) «Ерте жастан экологиялық мәдениет»,
5) «Қоғамға қызмет»,
6) «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін
ұйымдастыру»