Жазғы сауықтыру лагері «Тұлпар»
«Тұлпар» лагерінің ұраны
Барлық елдің бөбегі бір-бірімен туысқан,
Бәрімізге төгеді өз шуағын күміс таң,
Бейбітшілік әніміз, бауырласпыз бәріміз.
Қазақстан жерінде жарасады әніміз
Мақсаты:
«Болашақ ұрпақтың қоғамға деген саналы көзқарасын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтіп қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқушылардың қарым-қатынасын нығайту».
Міндеттері:
-Балалардың танымдық ждәне шығармашылық қабілеттерінің дамуына басшылық жасап, мүмкіндік туғызу іскерлігін арттыру, жазғы демалыс күндерін қызықты өтуіне ықпал ету.
- Мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыру, өз қызығушылығы бойынша шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілдерін арттыру.
- Экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға баулу мақсатында тарихи орындарға қорықтарға саяхат ұйымдастыру;
- «Дені сау ұрпақ, жарқын болашақ» бағдарламаны жүзеге асыру, шымыр икемді, дені сау тұлғаны қалыптастыру;
Жазғы сауықтыру лагерінің топтары:
- “Атамекен”
- “Достық”
- “Жұлдыз ”
- “Қыран”
Кіріспе
Қазақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы – тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.
Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой-санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған, ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі – құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке-шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.
Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жүргізілетін тәрбиелік шаралары үшін ұсынылып отырған әдістемелік жинағының септігі тиер деген ойдамыз.
Жаз айларында оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары:
-Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндедегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
-Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:
- балалардың жас ерекшелігін;
- психологиялық ерекшелігін;
- денсаулығын;
- ұлттық ерекшелігін;
- аймақтық ерекшелігін;
- қабілет - мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.
Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші - ұстаздың басты міндеті.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.
Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:
- лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспективасы;
- қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары;
- лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;
- лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;
Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
- лагердің дәстүрлігі;
- мұғалім - ұйымдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.
Жазғы мектеп лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:
а) күнделікті жоспарды құру;
ә) топтың күнделігін жүргізу;
Лагерь ауысымының жұмыс ұзақтығы
12 күннен 2 маусым
Лагерь құрамындағы бейіндік отрядтар тек маусым айында жұмыс жасайды. Жұмыс мерзімі: 1-30 маусым.
Бағдарлама төмендегі нормативті – құқықтық құжаттарды ескере отырып даярланған:
-Бала құқығын қорғау БҰҰ Конвенциясы;
-ҚР Конститутциясы;
-ҚР «Білім туралы Заңы»
Лагерь үнемі жаз мезгілінде жұмыс жасайды. Лагерь балалардың денсаулығын жақсартуға, сауықтыру мәселесі, ой – өрісін дамытып, ойлау қабілеттерін арттыруға, гигиеналық және дене мәдениетін сақтауға, медициналық сақтандыру, спорттық, білім беру, мәдени-демалу қызмет көрсету, күш-қуатын жақсартып, шығармашылықпен жұмыс атқару, азаматтық тәрбие, адамгершілікке, отаншылдыққа баулу, экологияны сақтауға балаларды тәрбиелеу бағдарламасын іске асыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.
«Тұлпар» жазғы демалыс лагерінің бағдарламасы:
Мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру
- "Толағай" спорттық ойын
Мұражай жұмыстарын ұйымдастыру
- Қ.И.Сатпаев атындағы мұражайына саяхат.
Мектепте үйірме жұмыстарын жандандыру
- "Жас информатиктер» үйірмесі;
- Спорттық сауықтыру үйірмесі;
Медициналық қызмет
- Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;
- Лагерь аймағының тазалығын қадағалау, балалардың денсаулығын жақсарту;
- Ағзаға керекті дәрумендермен қамтамасыз ету;
- Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, абай болуға тәрбиелеу;
- Жедел ішек инфекциялары, олардың алдын алу шаралары туралы шағын лекция.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы тәрбие іс-әркеттері
- "Салауатты өмір салтын ұстану" атты тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру арқылы балалардың өз денсаулығын күту, нығайту ережелерін қалыптастыру;
- "Білім әлемі" атты тәрбие бағыты бойынша балалардың жан-жақты білімді болуына жағдай жасау;
- "Тәрбие - адам көркі" атты тәрбие бағыты бойынша эстетикалық, экологиялық, азаматтық тәрбие беру, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға, қоршаған ортада өздерін ұстау мәдениеттілігін қалыптастыру;
- "Үйренерім көп менің" бағыты бойынша балаларға өзін-өзі тәрбиелеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, психологиялық ахуалын жақсартуға қолайлы орта қалыптастыру;
- "Қауіпсіздік ережелерін " сақтау мақсатында тәрбие жұмыстарын жүргізу.
«Баянауыл ауданының білім беру бөлімінің Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернат жанындағы
«Тұлпар» жазғы сауықтыру алаңы
«Тұлпар» жазғы сауықтыру алаңы бағдарламасының ақпараттық картасы
- Бағдарламаның толық атауы мектеп жанындағы «Тұлпар» жазғы сауықтыру алаңының бағдарламасы
- Бағдарламаның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгілінде демалысын, сауықтырылуын, еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру үшін қажетті жағдай жасау, балалардың қадағалаусыздығының, құқық бұзушылығының және қылмысының алдын алу, балалардың денсаулығын, өмірі қауіпсіздігін нығайту, балалардың шығармашылығын дамыту қазіргі күннің басты міндеттерінің бірі.
- Сауықтыру алаңын түрі: Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатының жанындағы жазғы сауықтыру алаңы
- Спецификациясы және қызмет бағыты: балалар ұжымы жағдайындағы жиынтықты психологиялық – педагогикалық; экоголиялық; дене шынықтыру-сауықтыру; азаматтық-патриоттық, көркемдік-әдептілік үдерісті бірге дамыту.
- Бағдарламаның қысқаша мазмұны:
- Сауықтыру алаңына келген күннен бастап балаларға психологиялық және педагогикалық көмек қажет етеді. Бұл үшін мектепте оларға көмек көрсетуге қолайлы жағдай жасалған. Атқарылатын істер, ойын, саяхаттар балалардың бір бірін басқа қырынан танып білуге көмектеседі. Баланың мінезіндегі ерекшіліктерді көрсетеді, олардың өз бетімен жұмыс жасап, нақты ұнаған ісімен айналысуға жол ашады. Олардың даралығын және жеке басындағы қасиеттерін танып білуге, әлеуметтік жағдайын білу-баланың лагерде дұрыс демалып, жақсы сауығуына көмектеседі.
- Сауықтыру алаңы аймағының тазалығын күнделікті қадағалау. Демалушылардың денсаулығын жақсарту, қоршаған орта мен туған жердің табиғатының және экологиялық маңызын танып білуге қызығушылықтарын арттыру.
- Демалушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау барысында дағдыландыру жұмыстарын іске асыру.
- Демалушылардың туған жеріне, туған ауылына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
- Демалушылардың шығармашылық қабілеттерін, яғни ән айту, қол өнер бұйымдарын жасау, сурет салу дағдыларын қалыптастырып дамыту.
- Ауысым саны: жазғы уақытта 2 ауысым өткізу қарастырылды.
- Өткізу уақыттары: І маусым-1-14 маусым уақыт аралығында; ІІ мауысым-16.06-29.06 күндері аралығында.
- Ауысымға қатысушылар саны:
І маусым-30; ІІ маусым-30
- Кадрлар:
- Лагерь басшысы-
- Мектеп психологі-
- Мектеп медбикесі-
- Аға тәлімгер -
- Кітапханашы -
- Музыка жетекшісі –
- Жаттықтырушы-
- Тәрбиешілер-
- Демалушыларды орналастыру шарты: Балалардың сауықтыру алаңы болуны қолайлы жағдай жасау үшін ойын, демалыс бөлмелері болу қажет. Ойын алаңы (спорт алаңы), мектеп жанындағы ойын орны, асхана.
- Бағдарламаның ресми тілі қазақ тілі.
- Қаржыландыру көзі: ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар, азқамтамасыз етілген отбасылар, көп балалы отбасынан шыққан балаларды тамақтандыру мектеп бюджетінен, ата-аналардың есебінен жүзеге асырылады.
Күтілетін нәтижелер:
- Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
- Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
- Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
- Компьютермен жұмыс жасауда алғашқы практикалық дағдыларын, ой-өрісін дамыту.
- Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру.
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты Жазғы сауықтыру лагері «Тұлпар»
Мақсаты:
«Болашақ ұрпақтың қоғамға деген саналы көзқарасын қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтіп қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оқушылардың қарым-қатынасын нығайту».
Міндеттері:
-Балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерінің дамуына басшылық жасап, мүмкіндік туғызу іскерлігін арттыру, жазғы демалыс күндерін қызықты өтуіне ықпал ету.
- Мәдени көпшілік шаралар ұйымдастыру, өз қызығушылығы бойынша шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілдерін арттыру.
- Экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға баулу мақсатында тарихи орындарға қорықтарға саяхат ұйымдастыру;
- «Дені сау ұрпақ, жарқын болашақ» бағдарламаны жүзеге асыру, шымыр икемді, дені сау тұлғаны қалыптастыру;
Жазғы мектепалды сауықтыру лагеріне балалармен жасөспірімдердің демалысын сауықтыруына 1-6 сынып оқушылары. Оның ішінде мектепалды сауықтыру лагерінде жаппай білім қорынан бөлінген қаржатқа тегін – 60 оқушы демалады. Сағат 09.00-17.00 – ге дейін.