Қоршаған ортаны қорғау — бұл тек табиғатты аялау емес, бұл — болашақ ұрпаққа өмір сүруге қолайлы әлем қалдыру аманаты. Жыл бойы атқарылған экологиялық шаралар – оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, саналы азамат болып қалыптасуына негіз қалады.
30 сәуір күні 2024-2025 оқу жылының «ЭКО-LIFE» жобасы бойынша атқарған жұмыстарына қорытынды жасалды.
Мақсаты: Оқушы – ата –ана-мектеп байланысы арқылы экологиялық мәдениеті қалыптасқан адам –адам, адам табиғат деген байланысы бекіген, салауатты өмір салты қалыптасқан, табиғат қорғаушысы, өз елінің патриоты ретінде тұлға қалыптастыру.
Экологиялық форумға қадірлі қонақтарымыз қатысты.
1. Аудандық селолық округінің әкімі – Дәрібай Фархат Жасқайратұлы
2. Білім бөлімінің әдіскері – Хабибуллина Гүлден Темірбековна.
3.Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эксурсия жөніндегі нұсқаушысы мемлекеттік инспекторы. ҚР үздік өлкетанушысы, Республикалық Елім-ай сыйлығының лаураты, ҚР туризм саласының үздігі, Баянауыл ауданының құрметті азаматы Курманов Алтынбек Жұматович.
4. «Баянтау» газетінің тілшісі – Сембекова Индира Сембековна қатысты.