Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Павлодар облысының мемлекеттік архиві Баянауыл филиалында “Ерлік еш ұмытылмайды” тақырыбында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеке тектік қор құжаттары бойынша саяхат, көрме, сынып сағаты ұйымдастырылды. Көрмеге ардагерлердің соғысқа қатысқаны, орден, медалдармен марапатталған куәліктері мен заттары, анықтамалары мен газет материалдары, т.б. құжаттары қойылды. 5”а”, 7 “ә”, 8 “ә” сыныптары көрмені қызығушылықпен тамашалап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды.
Көрмені ұйымдастырған: Басшы Шакирова Гульнар Егинтаевна