1-маусым Халықаралық балалар күні қарсаңында Баянауыл ауданы әкімі Ардақ Ануарбекұлы ауданымыздың дарынды оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге мектебіміздің дарынды оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер Рахимов Аян Маратұлы қатысты. Аудан әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сертификатына ие болды.
Жетістіктері:
- Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша «Ауыл олимпиадасында» информатика пәнінен 3-орын; Облыстық кезеңінде 1-орын;
- Облыстық Президенттік олимпиадасында 1-орын;
- Облыстық жасөспірімдер олимпиадасында 2-орын;
Аян- мектептің бетке ұстар үздік оқушыларының бірі. Оның бойынан жігітке тән салмақтылық, сабырлылық, байсалдылық қасиеттерінің барлығы табылады. Оқу үлгерімі бойынша үздік.