1-маусым Халықаралық балалар күні қарсаңында Баянауыл ауданы әкімі Ардақ Ануарбекұлы ауданымыздың дарынды оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуге мектебіміздің спортшысы Ташмағамбет Нұрислам Арғынұлы қатысты. Аудан әкімінің Алғыс хатымен, ақшалай сертификатына ие болды.
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы.
Жетістіктері:
Қазақстан Республикасының чемпионаты (2024 жыл) 2-орын
Қазақстан Республикасының чемпионаты (2025 жыл) 1-орын
Азия Чемпионаты(2025 жыл) 1-орын
ММА:Азия Чемпионаты (2025 жыл) 2-орын
Әлем Кубогы (2025 жыл) 1-орын
Әлем чемпионаты (2025 жыл) 1-орын
Спортқа деген құштарлығы және өзгелермен жақсы тіл табыса біліп, ынталандыруы. Ауылдан, қарапайым отбасыдан шығып, дарындылығымен көзге түсіп, мықты нәтижелер көрсетуі