“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Даналық мектебі”жоспарына сәйкес Аналар күніне орай “Ана-өмір шуағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мерекелік шарамызға «Даналық мектебі» әжелер клубының мүшесі Абушахманова алма Ғалымқызы , Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, ардақты ұстаз, аяулы анамыз Амангүл Рымхан; Ата-аналар комитетінің төрайымдары бала бақша тәрбиешісі, музыкант, – Назгүл Серіковна, Әлеуметтік жұмыскер Уалиева Самал Ермұхановнаның қатысуымен Ана махаббатының адам өміріндегі орны; Жұмыс пен отбасыны қатар алып жүрген аналар тәжірибесі; Қазіргі қоғамдағы аналардың беделі мен үлгісі; Балаларға ұлттық тәрбие берудегі ананың рөлі тақырыптары қозғалды. Шараға 7 сынып оқушылары және сынып жетекшілері ат салысты.
Ұйымдастырушы: Музыка жетекшісі А.Б.Адамбекова; көркемдік жетекші К.Т.Мардан