Ұлттық ойын – ұлттың рухы! 🇰🇿
Бүгін мектебімізде мектеп парламенттінің ұйымдастыруымен 2 “ә” бастауыш сынып оқушылары арасында ұлттық ойындар өтті. Оқушылар асық атып, халқымыздың салт-дәстүріне негізделген түрлі ойындар ойнады.
🎯 Мақсатымыз – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, достыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Балалар мәз-мейрам болып, қазақтың бай мұрасымен тереңірек танысты. Осындай шаралар арқылы олардың бойында отансүйгіштік, ұлттық рух, тарихи сана қалыптасатынына сенеміз!
💬 «Ұлттық ойынды ойнау – өткенді ұмытпау!» – деп, кішкентай қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.