Ұстаз – ұлы тұлға!
Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кеш өткізді.
Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды тілектерін жолдап, ардагер ұстаздар мен мектебіміздің ұстаздарына деген зор алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің мерейтой иелері марапатталды және жаңадан келген ұстаздар кәсіподақ мүшелігіне қабылданды.
Мерекелік кештің жоспары ерекше форматта — ұшақтағы экипаж стилінде ұйымдастырылып, көрерменге әсерлі көңіл-күй сыйлады.
Бұл кеш – ұстаз еңбегіне деген құрметтің, шәкірт сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі болды.
Ұстаздарымызға мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және шәкірттерінің биік белестерін көруді тілейміз!