8 қазан күні мектепте кезекті “Мектеп президентті” сайлауы болып өтті. Сайлау алдында осы лауазымға 4 кандидат өз өтініштерін берді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-нің мүшелері 6-9 сынып оқушылары Дәулетқан Айшуақ, Мыңғыш Адия, Жанатқызы Аққу, Сәрсенбай Айнар
қатысты. Кандидаттар өзінің сайлау алдындағы науқанды бағдарламамен таныстырып, алдағы жылда жасайтын жұмыс жоспарын нақты көрсетті. Сайлауға: 5-11 сынып оқушылары, мұғалімдер, қатысты. Сайлауды 3 адамнан құралған сайлау комиссиясы өткізді, яғни «Жас Ұлан» ББЖҰ-нің мүшелері: сайлау комиссиясының төрайымы Шақырман Айдана Дүйсембайқызы, сайлау комиссиясының мүшесі: Сәрсенбай Нұрсая, Қаппас Камила, Жастілек Рахман, Дауыс беру қорытындысы бойынша 8 сынып оқушысы Жанатқызы Аққу 48% ең көп дауыс жинап, мектеп президенті болып сайланды.
✅Мектеп президенті-
Жанатқызы Аққу