25 қазан – Республика күні мерекесіне орай мектебімізде маңызды әрі қуанышты шара өтті — оқушыларымызды “Жас ұлан” және “Жас қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті!
Бұл ұйымға қабылдану — әр оқушы үшін үлкен мәртебе мен жауапкершілік. Жаңа “жас ұлан”, “жас қыран” мүшелері еліміздің патриот азаматы болып, ел дамуына өз үлесін қосуға ант берді.
Барлық “Жас ұлан” және “Жас қыран” қатарына қабылданған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің жарқын болашағы – сендердің қолдарыңда!






