Мектеп жылыжайы – еңбек пен білімнің ордасы
Мектебімізде оқу-тәрбие үдерісін тәжірибемен ұштастыру мақсатында мектеп жылыжайы тұрақты түрде жұмыс жасауда. Қазіргі таңда жылыжайда қияр дақылы өсіріліп, мол өнім алуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Жылыжай жұмысына оқушылар белсене қатысып, қиярды күтіп-баптау, суару, қопсыту, өсімдіктің өсу кезеңдерін бақылау сияқты тәжірибелік дағдыларды меңгеруде. Бұл – балалардың еңбекке баулу, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілігін арттыруға үлкен мүмкіндік.






