Movie Time
Бүгін ағылшын және орыс тілдері апталығы аясында 5–8 сынып оқушыларымен «Movie Time» атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді.
Оқушылар ағылшын тіліндегі мультфильмнен үзінді тамашалап, жағымды атмосферада уақыт өткізді. 🍿🥤
Іс-шара соңында мультфильм мазмұны талқыланып, балалар өз ойларын еркін жеткізді.
✨ Осындай форматтағы іс-шаралар оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
🎯 Іс-шараның мақсаттары:
• ағылшын тілін тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту;
• оқушылардың сөздік қорын байыту;
• шет тіліне деген қызығушылықты арттыру;
• еркін пікір айтуға, өз ойын жеткізуге үйрету;
• оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.
👩🏫 Өткізген мұғалімдер:
М. А. Саябек
А. Т. Бекенова
К. А. Жетписбаева
А. А. Абдуева






