Көктемгі демалысты кітаппен өткізейік! 📚🌸
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Әдебиет әлемінде көктем самалы” атты кітап оқу челленджі жалғасуда.
Аталған челленджге 8 “Ә” сынып оқушылары белсене қатысуда. Соның ішінде Шариполла Жазира, Жапарбергенов Нұржалғас және Жунусов Айқын өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсетіп, бос уақыттарын пайдалы өткізуде.
Кітап оқу – ой-өрісті кеңейтетін, білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі арта түсуде.








