Кітап күніне орай 2 Ә” сыныбында “Кітап-рухани қазына”тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушыларды кітап оқуға баулу, білімге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, көркем шығармалардан үзінділер оқыды. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы шығармаларына ерекше көңіл бөлініп, оның даналық сөздері талқыланды. Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасып, белсенділік танытты.







