Интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп-интернаттың тігінші маманы Сәуле апайымызбен бірге ұлттық стильде бас киім тігу жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өз қолдарымен тақия тігіп, оны әшекейлеу арқылы ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырды.
Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты. ✨
Тәрбиешілер: Абилова Г. Мылтықбай Т.






