«Құстар – біздің досымыз» экологиялық акциясы 🐦
Интернат бастауыш тәрбиеленушілері табиғатты қорғауға бағытталған игі шараға белсене қатысты. Акцияның басты мақсаты – құстарға қамқорлық жасау, табиғатты аялау және балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Балалар өз қолдарымен құс ұяларын жасап, ағаштарға іліп, құстарды азықтандырды. Бұл – табиғатқа деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі 💚
Табиғатты бірге қорғайық!






