Кәсіптік бағдар беру кездесуі
Мектебімізде 9-сынып оқушылары үшін ерекше маңызды кездесу өтті. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқушылармен жүздесіп, құтқарушы мамандығының қыр-сырымен жан-жақты таныстырды.
Кездесу барысында:
• Төтенше жағдайлар саласындағы оқу орындарына түсу тәртібі;
• Құтқарушылардың күнделікті қызметі мен атқаратын жұмыстары;
• Мамандыққа қойылатын негізгі талаптар (физикалық дайындық, психологиялық төзімділік) туралы толық ақпарат берілді.
Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, арнайы техникалар мен құтқару құрал-жабдықтарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кездесу болашақ түлектерге мамандық таңдауда маңызды бағыт-бағдар берді.
👨🚒 Шараға арнайы қатысқан Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Оразбай Рүстем өз тәжірибесімен бөлісіп, мамандықтың жауапкершілігі мен маңызын түсіндірді.
📍 Осындай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға және болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен септігін тигізеді.






