«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза Қазақстан – Таза Баянауыл» фото және видео байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шараға 8а, 8ә, 10а, 10ә сынып оқушылары қатысып, «Таза табиғат», «Эко әрекет», «Таза Қазақстан – менің үлесім» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар табиғаттың әсем көріністерін бейнелеп, тазалық жұмыстары мен экологиялық бастамаларды насихаттайтын әсерлі фото және бейнероликтер көрсетті.
Байқау барысында жұмыстардың тақырыпты ашуы, шығармашылық ерекшелігі, сапасы мен экологиялық маңызы бағаланды. Үздік жұмыстар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!






