25 мамыр күні мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау – 2026!» атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты шараға Аудан әкімінің орынбасары Талипов Қинаят Қайроллаұлы және білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұртаева Гүлнази Зиноллаевна, мектебіміздің ардақты ардагер ұстаздары қатысты. Сонымен қатар 1956 және 1966 жылғы мектеп түлектері арнайы келіп, жас түлектерге ақ тілектерін арнады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі мектебіміздің «Алтын белгі» үміткерлері — Сарсенбай Нұрсая, Нұржанқызы Ясмин, Жумаканова Айым және Қуан Әминаға берілді. 🇰🇿
Мерекелік шара барысында «Эко-отбасы» сайысының марапаттау рәсімі өтіп, білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін ұстаздар марапатталды.
Сондай-ақ 5, 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70 жылдық түлектер қауымына сөз беріліп, жүрекжарды естеліктер мен ақ тілектер айтылды.
Шараның ең әсерлі сәті — соңғы қоңырау соғу рәсімі болып, бұл құрмет 11-сынып оқушыларына берілді. 🔔
Биылғы түлектерге ақ жол тілейміз! Армандары асқақ болып, болашақтары жарқын болсын! ✨






