Оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар заңды құрметтеу, тәртіп сақтау, құқық пен міндет ұғымдары туралы мағлұмат алды. Әртүрлі тапсырмалар мен пікір алмасу арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілікке, әдептілікке және тәртіпті болуға тәрбиелеу.











