«Еңбек жасағы» жазғы кезеңде жұмыс істейді! 🌿
Жазғы демалыс уақытында мектебімізде «Еңбек жасағы» өз жұмысын жалғастыруда.
📅 Жұмыс айлары: маусым, шілде, тамыз
👥 Қатысушылар: 5–10 сынып оқушылары
✅ Атқарылатын жұмыстар:
• Мектеп ауласын абаттандыру;
• Гүлдер мен жасыл желектерді суару;
• Тазалық жұмыстарын жүргізу.
«Еңбек жасағы» – оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаны аялауға баулитын маңызды бағыт. Жас ұрпақтың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, туған мектебіне қамқорлық жасауға тәрбиелейді.
🌱 Таза аула – ортақ еңбектің жемісі!







