«Қарлығаш» бейінді лагерінің 2-күні қызықты әрі мазмұнды өтті! 🌿
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты жанынан ұйымдастырылған «Қарлығаш» бейінді лагерінің екінші күні балалар үшін ерекше әсерге толы болды.
Күн барысында оқушылар әртүрлі үйірмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытты. Қызықты тапсырмалар орындап, жаңа достар тауып, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізді.
🌟 Лагерьдің әр күні балаларға жаңа мүмкіндік пен жарқын естеліктер сыйлауда!






