Тақырып: «Кітаптар әлеміне саяхат»
Бүгін “Қарлығаш” бейінді лагерьде «Кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша қызықты жұмыстар атқардық. Алдымен гайдбукпен танысып, күнделігімізді толтырдық. Кейін кітап квест ойынына қатысып, ойын картасын жасадық. Әртүрлі тапсырмаларды орындап, кітап кейіпкерлері мен шығармалары туралы білімімізді толықтырдық.
Сонымен қатар, Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасын талдадық. Шығарманың басты кейіпкері Қожаның мінезі мен іс-әрекеттері туралы пікір алмастық. 1 және 2-тапсырмаларды орындадық.






