12 қыркүйек мектебімізде 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуы аясында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспарына сай атқаратын жұмыстар қаралып, талқыланды.
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру,танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыта отырып тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілетіні шешілді.